Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

31 Мамыр 2023
Ағымдағы жылдың 31 мамырынан бастап Көкшетау қаласының қоғамдық көлігінде жол ақысын төлеудің баламалы тәсілдері енгізіледі.
Енді жол ақысын көлік картасы мен қолма-қол ақшалай төлемнен басқа, кез келген Қазақстандық екінші деңгейдегі банктің VISA және Mastercard банк карталарымен, сондай-ақ контактісіз төлем (NFS) функциясы арқылы ұялы телефонмен төлеуге болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда 8-(7162)-72-25-22 телефон нөмірі арқылы call centr-ге «Kokshe Bus Tolem» ЖШС электрондық жол жүру ақысын төлеу жүйесінің операторына хабарласа аласыз.
Жаңа төлем әдісін іске асыруға жәрдемдескені үшін Halyk Bank серіктестеріне үлкен алғысымызды білдіреміз.